Биыл Астанада жаңа футбол стадионы ашылады
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр,- деп хабарлайды brifing.kz
Бұл нысан елдегі негізгі спорт кешендерінің біріне айналып, халықаралық стандарттарға сай заманауи деңгейде матчтар өткізуге мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда 121 спорт нысанын ашу жоспарланған. Бұл халық үшін спорттың қолжетімділігін арттырып, бұқаралық дене шынықтырумен айналысуға арналған инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етпек.
Сонымен қатар, Астанада «Жеңіс» футбол клубының жаңа үй стадионының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұл командаға матчтарын өз алаңында өткізуге мүмкіндік беріп, елордада футболдың дамуына қосымша серпін береді.