Әлем

Түркияда жер сілкінісі тіркелді

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, Түркияның шығысында магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлайды brifing.kz

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Эрзинджан уәлаятындағы Рефахие қаласынан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Сейсмикалық ошақ небәрі 10 шақырым тереңдікте болған. Жер қыртысының тербелістері 6 ақпан күні Гринвич уақытымен 11:16-да тіркелді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.