Сауда аптасы ішінде теңге 10,54 теңгеге күшейді. Дүйсенбі, 2 ақпанда сағат 15:30-да орташа сараланған бағам 505,17 теңге деңгейінде қалыптасса, жұма, 6 ақпанда ол 494,63 теңгеге дейін төмендеді.
KASE мәліметінше, сауда барысында доллардың ең төменгі бағамы 492,30 теңге, ең жоғарысы 496,01 теңге болды, ал жабылу бағамы 494,75 теңгені құрады. АҚШ валютасымен жасалған сауда көлемі 350 млн 285 мың долларды, ал валюталық операциялар саны 981 мәмілені құрады.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, сағат 17:19-дағы жағдай бойынша айырбастау пункттерінде долларды сату бойынша ең жоғары бағам Астанада 501 теңге, Алматыда 499 теңге болды.
Ұлттық банктің 6 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 495,10 теңге. Ал ресми бағамды айқындаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 7–9 ақпан аралығында доллар бағамы 494,63 теңге деңгейінде белгіленді.