Көктемге дейін «Астана – Павлодар» тас жолында жылдамдық шектеледі
2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап «Астана – Павлодар» автомобиль жолында көлік құралдарының ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығы 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі,- деп хабарлайды brifing.kz
Бұл шектеулер жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты енгізіліп отыр. «Astana TV»-дің мәліметінше, көктем мезгілі басталғаннан кейін 140 км/сағ жылдамдықпен қайта жүруге рұқсат беріледі.
Аталған шараның мақсаты:
• жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру;
• апаттылықты азайту және қолайсыз ауа райы жағдайларымен байланысты тәуекелдерді барынша төмендету (оның ішінде көктайғақ, қар үйінділері және көрінудің шектелуі).