Жалпы 56 адамды әскер қатарына қосу жоспарланып отыр. Олардың арасында кәсіпкерлер, зауыт қызметкерлері мен дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары бар. Қойылатын басты талап – әскери кафедраны бітірген не бұрын әскери салада қызмет етуі керек. Резервтегі әскери қызметкерлер аптасына 3 рет оқуға келеді. Штабта тактикалық сабақтарды оқып, барлау, әскери медицина, мемлекеттік құқықтық даярлықтан өтеді. Сондай-ақ жылына бір рет, бір ай әскери полигондағы оқу-жаттығуға қатысады. Резервтегілерге әскери киім беріліп, ай сайын 85 мың теңге жалақы төленеді.
«Запастағы офицерлердің негізгі жұмысынан шығарылмайды. Белгіленген уақытта жұмыс орындарына хат жолданған. Олар бір күнге босатылады. Бір айда 3 күн келсе, белгіленген жалақысы төленеді», – деді Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы кадрлар басқармасының басшысы Бекжан Нұрсұлтанов.